БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сочиге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сочиге келді

06.02.2014
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сочиге келді
Сочиге XXII Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін БҰҰ Бас хатшысы  Пан Ги Мун келді. 
 
Бүгін ол Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясына, ал ертең Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады.  
 
Сонымен бірге, ол Олимпиадаға келетін мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуге ниетті, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы. Айта кету керек, бұл оның Олимпиада ойындарына алғаш қатысуы емес, бұған дейін 2012 жылы Лондондағы XXX Жазғы Ойындардың ашылу салтанатында Олимпиада алауын алып жүрген болатын. 

Хабарламаларға жазылу