Олимпиада алауы Оңтүстік Кореяға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауы Оңтүстік Кореяға табысталды

01.11.2017

Грекия 2018 жылғы қысқы Олимпиада алауын Афинада салтанатты түрде Оңтүстік Кореяға табыстады. Ал, ертең Корея аумағында оның эстафетасы басталады. Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада алауын алып жүруге 7,5 спортшы қатысуы тиіс. Жүз күнде олар елдің 17 қаласы мен провинциясы арқылы жүріп өтеді. Эстафета маршурты 2018 шақырым қашықтыққа созылмақ.

Ұйымдастырушылар Корей түбегінде қалыптасқан ахуал Ақ Олимпиаданы өткізуге кедергі келтірмейді деп мәлімдеді. Айта кетсек, Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы ядролық дау қазір халықаралық қауымдастықты айтарлықтай алаңдатып отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу