Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді

09.09.2017

Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді.

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйді жеңді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері тізгінді өз қолында ұстап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, 26 жастағы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокс мансабында 22 кездесу (15-і нокаутпен) өткізіп, әлі жеңіліссіз келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп жатыр.
 

Хабарламаларға жазылу