Жанқош Тұраров: Қандай жарыс болмасын, алдымен елдің намысы  бірінші орында тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанқош Тұраров: Қандай жарыс болмасын, алдымен елдің намысы  бірінші орында тұрады

14.12.2016
Жанқош Тұраров: Қандай жарыс болмасын, алдымен елдің намысы  бірінші орында тұрады

Жуырда Алматы қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров спорттық мансабындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді.  

Жерлесіміз ганалық Исаак Ариені  төртінші раундта техникалық  нокаутпен жеңіп, жекпе-жекке аса жоғары деңгейде жаттықанын көрсетті.

Жанқош Тұраров WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың үздік он бестігіне кіреді.

«Адам жеңіске жеткен сайын рухтана түседі. Үлкен додаларда топ жау бала күнгі арманым болатын. Қазір сол биіктерге аяқ басып келемін. Қандай жарыс болмасын, алдымен елдің намысы  бірінші орында тұрады», дейді ол.  

Тәуелсіздіктің құрдасы Ұлттық арнаның «Айтуға оңай...» бағдарламасында қонақта.

Хабарламаларға жазылу