Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегінің билеттер құны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегінің билеттер құны белгілі болды

12.10.2016
Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегінің билеттер құны белгілі болды

29 қазанда Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында үлкен бокс кеші өтеді. Онда қандасымыз Қанат Ислам 22-ші жекпе-жегін өткізіп, ІВО (Intercontinental) және  WBО (International) тұжырымдары бойынша чемпион дәрежесі үшін күш сынасады.

Билеттер сатылымға 17 қазан күні түседі, деп хабарлайды egemen.kz. Бағасы 1 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болмақ.

Қанат Ислам - орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Ол осы уақытқа дейін  21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты - «Қазақ».

Қарсыласы  ганалық боксшы Патрик Аллотей кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған. 24 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Аталған бокс кешінде Әлем чемпионы, Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы да өзінің кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Сондай-ақ ел намысын Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы қорғайтын болады.

 

Хабарламаларға жазылу