Алматыда Жеңіс күніне арналған бокс турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жеңіс күніне арналған бокс турнирі аяқталды

08.05.2017

Алматыда Жеңіс күніне арналған дәстүрлі бокс турнирі аяқталды. Бес күн бойы жүргізілген республикалық байрақты бәсекеге аймақтардан 365 боксшы келді.

Кеңес Одағының батыры Мәсім Жақыпов атындағы додада топ жарғандар үлкен спортқа жолдама алады. Өйткені, дәстүрлі жарысқа еліміздің атын әлемге әйгілеген боксшылар да қатысқан. Ақтық сайыста 44 жекпе-жек өтті. Жеңімпаздарға медаль мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу