Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті

09.05.2019

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Елге белгілі өнерпаздар соғыс жылдарындағы танымал әндерді шырқады. Шараға қарт майдангерлер мен тыл ардагерлері, Генералдар кеңесінің өкілдері, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер және қала тұрғындары қатысты.  

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен залында ине шаншар орын болмады. «Смуглянка», «Где же вы теперь?», «Ана туралы баллада», «Синий платочек», «В городском саду», «Катюша» сияқты басқа да әндер әуеледі. Өнерпаздарды Павел Тарасевичтің дирижерлігімен «Камерата Казахстана» мемлекеттік оркестрісүйемелдеді.

Медет Шотабаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Жыл сайын ардагерлеріміз азайып барады. Бүгін 20-ға жуық ардагер концертте болады, тамашалайды. Сол кісілермен бірге ескі күндерді еске аламыз.

Тұңғыш Президент қорының тарапынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін еазық-түлік, ақшалай сыйлық табыс етілді. «Мұндай бастамалар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ерлігін есте сақтап, қазақ жастарын патриоттыққа тәрбиелеуге себеп», - дейді ұйымдастырушылар.

Гүлжан Рахметова, тыл ардагері:

Бізді сыйласа, оларды Алла жарылқасын. Мың рахмет айтамын. Жас кезіміз еске түсіп, көңіліміз көтерілді.

Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған қайырымдылық кештерін ұйымдастыруды 18жыл бұрын Дариға Назарбаева қолға алған еді. Ол осындай бағыттағы алғашқы концертін 2001 жылы 6 мамырда өткізген. Мінекей, содан бері игі істі зиялы қауым өкілдеріде қолдап, дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу