Мәскеуде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті

14.11.2022

Мәскеуде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Мәскеу, Санкт-Петербург және Ингушетиядан барлығы 80-ге жуық спортшы қатысты. Жалауы желбіреген дода халықаралық мәртебеге ие. Үш күндік спорттық шара келер жылы да ұйымдастырылмақ. Турнирді Ресейдің өзге де өңірлерінде өткізу жоспарда бар.

Опабек Таңатаров, Қазақ диаспорасының өкілі:

Бұл тарихи оқиға. Бүгін екінші тур өтіп жатыр. Мұның алдында бірінші тур өткен еді өткен жылы. Бұдан кейінгі жылдарда да Бауыржан атамызға арналған, соғыс ардагерлеріне арналған жастарды патриоттық сезімге тәрбиелейтін осындай мерекелер, осындай жиындар өтеді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу