«Барселона» сырт алаңда «Осасунаны» 0:3 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барселона» сырт алаңда «Осасунаны» 0:3 есебімен жеңді

10.12.2016
«Барселона» сырт алаңда «Осасунаны» 0:3 есебімен жеңді

10 желтоқсан күні Ла Лиганың 15 туры аясында каталониялық «Барселона» сырт алаңда памплоналық «Осасуна» клубымен кездесті. Есеп 0:3 қонақтар пайдасына.

Бірінші таймда каталониялық команда ойыншылары қарсылас ұжым қақпасы алдында қауіпті сәттерді көп туғызғанымен, есепті аша алмады. Ал, памплоналық допты көп иеленбей, тактикалық түрде сауатты қорғанып, тек қарымта шабуылдарға үміт артты.

Екінші таймда «Барселона» футболшылары алаңдағы басымдылығын 3 голға айналдырды. 

Бірінші гол. Каталониялықтардың тактикалық комбинациясынан кейін Луис Суарес сол қапталдан келген допты қақпаға дәл салды - 0:1.

Екінші гол.«Барселонаның» шабуылын Лионель Месси өзі бастап, өзі аяқтады. Аргентиналық ойыншы допты Луис Суареске беріп, ал уругвайлық шабуылшы сол қапталмен ұмтылған Хорди Альбаға пас шығарады. Комбинацияның соңында Месси Альбадан келген допты қақпаға бағыттады - 0:2.

Үшінші гол Лионель Мессидің шеберлігінің арқасында салынды. Аргентиналық шабуылшы қорғаныстағы екі ойыншы алдап өтіп, қақпадан 11 метр жерден допты қақпаға бағыттады. Қарама-қарсы тұрған үш қорғаушының еш қайсысы Мессиге гол салуға еш кедергі жасай алмады - 0:3.

Естеріңізге сала кетейік, «Осасуна» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Осасуна» - «Барселона» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу