Футбол. «Атлетико» - «Барселона» - 2:3 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол. «Атлетико» - «Барселона» - 2:3

29.01.2015
Футбол. «Атлетико» - «Барселона» - 2:3

Футболдан Испания Кубогы бәсекесінің ширек финалында каталондық «Барселона» сырт алаңда мадридтік «Атлетикомен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Каталондық клуб сапынан ойын барысында Неймар дубль авторы атанса, алаң иелерінен Фернандо Торрес және Рауль Гарсия өз есептеріне бір ұпайдан жазды.

Ал, «Барселонаның» жеңіске жетуіне «Атлетико» қорғаушысы Миранданың септігі тиді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу