«Астана» сырт алаңда «Маккаби» командасын ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» сырт алаңда «Маккаби» командасын ұтты

03.11.2017

Тарихи жеңіс. «Астана» командасы футболдан Еуропа лигасы аясында топтық кезеңде сырт алаңда жеңіске жеткен қазақстандық тұңғыш команда атанды. Станимир Стоилов шәкірттері бұл жолы Израильде жергілікті «Маккаби» командасын 0:1 есебімен жеңді.

Астаналықтарға топтан шығу үшін осы матчта ұпай ауадай қажет болған. Сол мақсаттың үдесіне қазақстандық клуб екінші таймда жетті. Қарымта шабуылдардың бірінде алаң иелерін қапыда қалдырған Патрик Твумаси  командасына жеңіс сыйлады. Қазір 7 ұпай еншілеген «Астана»  өз тобында екінші орында тұр. Кәрі құрлықтағы тамаша жеңістен кейін елордалық команда УЕФА рейтінгінде 16 саты көтеріліп, 88-орыннан 72-ші орынға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша «Астана» қазір «Эвертон» және «Интер» сынды азулы командалардың алдын орап тұр.        

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу