Басты Жаңалықтар Мадридтік «Реал» «Севильяны» ұтып, УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды

Мадридтік «Реал» «Севильяны» ұтып, УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды

Мадридтік «Реал» «Севильяны» ұтып, УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды

Норвегияның Тронхейміндегі «Леркендель» стадионында өткен кездесудің негізгі уақытысында ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал, қосымша уақытта мадридтіктер жеңіс голын соқты. 

Тартысты ойынның 21-ші минутында «Реал» сапында алғашқы матчын өткізген 20 жастағы Марко Асенсио есеп ашты. Алайда, үзіліске дейін «Севилья» есепті теңестіре алды. Гол авторы – Франко Васкес.

Кездесудің екінші таймы да нәтижелі болды. Ойынның 71-ші минутында Серхио Рамос өз айып алаңында ереже бұзып, төреші 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Пенальтиді украиндық футболшы Евгений Коноплянка дәл орындап, өз командасын алға шығарды. Алайда, матчтың 94-ші минутында Рамос гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. 

Бірінші қосымша тайм «Севилья» ойыншысы Тимоти Колоджейчиктің 95-ші минутта алаңнан қуылуымен есте қалды. 
Матч нәтижесі 119-шы минутта шешілді. Шешуші гол авторы «Реал» қорғаушысы «Дани Карвахаль атанды. 

Айта кетсек, бұл - «Реал» тарихындағы үшінші УЕФА Суперкубогы. Бұған дейін корольдік клуб УЕФА Суперкубогін 2002 және 2004 жылдары жеңген еді. 
 


Бөлісу