Бүгін Сербия астанасы Белградта Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Чукарички» командасы шымкенттік «Ордабасы» клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның небәрі 2-ші минутында «Чукарички» командасы «Ордабасы» клубының қапқапасына 11 метірлік айып добынан гол соға алмады. Ал, 29-шы минутта «Ордабасы» клубының капитаны Мұхтар Мұхтаров қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді.
Екінші таймды алаң иелері шабуылмен бастап, 49-шы минутта есеп ашты. Араға 3 минут салып Асмир Каевич есепті 2:0-ге жеткізді. Ал, матчтың 68-ші минутында «Чукарички» клубының футболшысы ойындағы үшінші голды соғып, құрамасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 3:0.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы 7 шілдеде Шымкентте өтетін қарымта ойынды тікелей эфирде көрсетеді.