Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Франция-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Еуропа чемпионаты плей-офф кезеңінің төртінші ойыны Франция және Ирландия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.
Топтық кезеңде Франция құрамасы «А» тобында сынға түскен. 3 ойында 7 ұпай жинап, өз тобында 1 орын алған болатын. Ал, Ирландия құрамасы «Е» тобының 2-ші орын иегері. 3 ойында 4 ұпай жинаған.
Екі құрама бұған дейін 17 ойын өткізген. Оның 6 матчында Франция құрамасы жеңіске жетсе, Ирландия құрамасы 5 ойында ұтқан. Ал, 6 ойын тең аяқталған.
FIFA рейтингінде Франция 17-ші орында, Ирландия құрамасы 33-ші сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Франция–Ирландия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 27 маусымда, сағат 10:40-та көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16