Еуро-2016. Португалия мен Венгрия құрамалары 3:3 есебімен тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Португалия мен Венгрия құрамалары 3:3 есебімен тең ойнады

23.06.2016
Еуро-2016. Португалия мен Венгрия құрамалары 3:3 есебімен тең ойнады

Еуропа чемпионатының «F» тобындағы Португалия мен Венгрия құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Португалия мен Венгрия құрамалары 3:3 есебімен тең ойнады. Бірінші таймның 19-шы минутында Венгрия құрамасының футболшысы Золтан Гера гол соғып, құрамасын алға шығарса, Нани 42-ші минутта есепті теңестіріп кетті.

Екінші таймның 47-ші және 55-ші минутында Балаш Джуджак Венгрия құрамасын тағы алға шығарды. Ал, Криштиану Роналду 50-ші және 62-ші минутта гол салып, есепті теңестіріп кетті. 

Айта кетейік, Венгрия құрамасы 5 ұпаймен топта бірінші орын иеленді. Португалия құрамасы болса, 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Венгрия – Португалия 3:3

Гол: 1:0 – 19 Гера, 1:1 – 42 Нани, 2:1 – 47 Жужак, 2:2 – 50 Роналду, 3:2 – 55 Жужак, 3:3 – 62 Роналду.

Венгрия – Кирай, Гузмич, Корхут, Ланг, Юхас, Элек, Пинтер, Ловренчич (Штибер, 82), Жужак, Гера (Беше, 46), Салаи (Немет, 71).

Португалия – Руй Патрисиу, Карвалью, Пепе, Элизеу, Виейринья, Моутинью (Саншеш, 46), Вильям Карвалью, Нани (Данило, 80), Андре Гомеш (Куарежма, 61), Жоау Мариу, Роналду.

Хабарламаларға жазылу