Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Румыния-Албания матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін «А» тобындағы Румыния және Албания құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.
Румыния құрамасы бірінші турда Франциядан 1:2 есебімен ұтылса, 2-ші турда Швейцариямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Албания футболшылары алғашқы турда Швейцария құрамасынан 0:1, екінші турда Франциядан 0:2 есебімен ұтылған.
Екі құрама бұған дейін 18 ойын өткізген. Оның 13 матчында Румыния құрамасы жеңіске жеткен болса, Албания 2 ойында ұтқан. Ал, 3 ойын тең аяқталған.
FIFA рейтингінде Румыния 22-ші орында, Албания құрамасы 42-ші сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Румыния-Албания ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 20 маусымда, сағат 12:15-те көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16