Еуро-2016. Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады

19.06.2016
Еуро-2016. Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады

Еуропа чемпионатының «F» тобындағы Португалия мен Австрия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Аса тартысты өткен ойында Португалия мен Австрия құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соға алмады. Айта кетейік, матчтың 79-шы минутында португалиялық футболшы Криштиану Роналду 11 метрлік айып добын орындай алмады.

Сондай-ақ, бұл матч биылғы Еуропа чемпионатындағы гол салынбаған екінші ойын ретінде тіркелді. Бұған дейін, Германия мен Польша құрамалары арасындағы ойында да есеп ашылмаған болатын.

Хабарламаларға жазылу