Еуро-2016. Германия мен Польша құрамалары тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Германия мен Польша құрамалары тең ойнады

17.06.2016
Еуро-2016. Германия мен Польша құрамалары тең ойнады

Еуропа чемпионатының «С» тобындағы Германия мен Польша құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Аса тартысты өткен ойында Германия мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соға алмады.

Айта кетейік, бұл биылғы Еуропа чемпионатындағы гол салынбаған алғашқы ойын ретінде тіркелді.

Германия - Польша (0:0)

Ескерту: Хедира 3, Озил 34, Мончиньски 45, Гросицки 55, Боатенг 67.

Германия: Нойер, Боатенг, Хектор, Хеведес, Хуммельс, Гетце (Шюррле 66), Кроос, Озил, Хедира, Дракслер (Гомес 72), Мюллер.

Польша: Фабианьски, Глик, Енджейчик, Пишчек, Паздан, Блашчиковски (Капустка 80), Крыховяк, Мончиньски (Йодловец 76), Гросицки (Пешко 87), Милик, Левандовски.

Хабарламаларға жазылу