Бүгін Ұлттық арна Португалия-Австрия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Португалия-Австрия ойынын тікелей эфирде ұсынады

18.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Португалия-Австрия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «F» тобындағы 2-ші турдың соңғы ойыны Португалия мен Австрия құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Португалия құрамасы Исландиямен 1:1 есебімен тең ойнаса, Австрия футболшылары Венгрия құрамасынан 0:2 есебімен ұтылған.

Бұған дейін екі құрама 10 рет кездескен екен. 2 ойында Португалия құрамасы жеңіске жетсе, австриялықтардың 3 ойында мерейі үстем болған. 5 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қазіргі уақытта Португалия құрамасы ФИФА рейтингінде 8-ші орында болса, Австрия 10-шы орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Португалия-Австрия матчының қайталауын ертең, 19 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 21:45-те тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу