Еуро-2016. Франция мен Португалия негізгі уақытта тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Франция мен Португалия негізгі уақытта тең түсті

11.07.2016
Еуро-2016. Франция мен Португалия негізгі уақытта тең түсті

Еуро-2016 финалында Франция мен Португалия негізі уақытта 0:0 есебімен тең ойнады. Тартысты өткен матчтың басында Криштиану Роналду жарақат алып, ойыннан кетті. Осылайша ойынға Рикарду Куарежма қосылды.

Матчтың көп бөлігінде допты франциялықтар бақылауда ұстады. Осыған қоса бірнеше рет гол соғуға мүмкіндіктері болды. Алайда португалиялық қақпашы Руй Патрисиу командасын құтқарып қалды. 90 минуттан кейінгі ойын 0:0 есебімен тең түсті.

Айта кетейік, матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу