Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Венгрия-Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Венгрия-Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді

22.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Венгрия-Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «F» тобындағы Венгрия мен Португалия құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Венгрия құрамасы Австрияны 2:0 есебімен ұтып, екінші турда Исландия футболшыларымен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Португалия құрамасы алғаш Исландиямен 1:1, 2-ші турда Австрия құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнаған.

Бұл ойынға дейін Венгрия мен Португалия құрамалары 10 рет кездескен. 7 матчта Португалия құрамасы жеңіске жетсе, 3 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Венгрия 20-шы орында, Португалия құрамасы 8-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Венгрия-Португалия матчының қайталауын ертең, 23 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 11:55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу