Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Италия мен Швеция құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Италия құрамасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
Ал, екінші таймның 88-ші минутында Италия құрамасының футболшысы Эдер гол салып, құрамасына жеңіс сыйлады. Сөйтіп, Италия құрамасы плей-офф кезеңіне өтті. Бұған дейін, Франция құрамасы да плей-офф кезеңіне өткен болатын.
Италия – Швеция 1:0
Гол: 1:0 – 88 Эдер.
Италия – Буффон, Бардзальи, Бонуччи, Кьеллини, Пароло, Флоренци (Стураро, 85), де Росси (Мотта, 74), Кандрева, Джаккерини, Пелле (Дзадза, 60), Эдер.
Швеция – Исакссон, Линделеф, Ольссон, Юханссон, Гранквист, Ларссон, Экдаль (Левицки, 79), Чельстрем, Форсберг (Дурмаз, 79), Гвидетти (Берг, 85), Ибрагимович.