Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Солтүстік Ирландия-Германия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Солтүстік Ирландия-Германия матчын тікелей эфирде көрсетеді

21.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Солтүстік Ирландия-Германия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «С» тобындағы Солтүстік Ирландия мен Германия құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Солтүстік Ирландия құрамасы Польшадан 0:1 есебімен ұтылса, екінші турда Украина футболшыларын 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Германия құрамасы алғаш Украинаны 2:0 есебімен ұтса, 2-ші турда Польша құрамасымен тең ойнаған.

Бұл ойынға дейін Солтүстік Ирландия мен Германия құрамалары 7 рет кездескен. 4 матчта Германия құрамасы жеңіске жетсе, 3 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Солтүстік Ирландия 25-ші орында, Германия құрамасы 4-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Солтүстік Ирландия-Германия матчының қайталауын ертең, 22 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 11:50-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу