Еуропа чемпионатының «В» тобындағы Англия және Уэльс құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Англия құрамасы Уэльсті 2:1 есебімен ұтты. Алғашқы голды бірінші тайымның 42-ші минутында Уэльс құрамасының футболшысы Гарет Бэйл соқты. Ал, екінші таймда ағылшындар сапынан ойынға тыңнан қосылған Джейми Варди 55-ші минутта есепті теңестірсе, Даниэл Старридж төреші қосқан қосымша уақытта гол салып, Англия құрамасына жеңіс сыйлады.
Англия - Уэльс - 2:1
Гол: Бэйл, 42 - (0:1). Варди, 56 (1:1). Старридж, 90+2 (2:1).
Англия: Харт, Уокер, Смоллинг, Кэйхилл, Роуз, Руни, Дайер, Алли, Лаллана (Рэшфорд, 73), Кейн (Варди, 46), Стерлинг (Старридж, 46).
Уэльс: Хеннесси, Гантер, Дэйвис, Э.Уильямс, Честер, Тэйлор, Аллен, Ледли (Эдвардс, 67), Рэмси, Робсон-Кану (Джон.Уильямс, 72), Бэйл.