Қарағандыдағы мерекелік шара «Мәңгілік алау» монументінен басталды
Жеңістің 69 жылдығын қарағандылықтар да тойлауда. Мерекелік шара дәстүрлі түрде кеншілер шаһарындағы «Мәңгілік алау» монументінен басталды.
ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, жергілікті билік өкілдері мен жиналған қауым елге қайтпаған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан соң сөз алған ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті. Жұрт ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мағзұм Ағыбаев, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері:
Әрбір атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда өндірілген қорғасын мен жезден жасалған. Қажымұқан батыр өзінің қаржысына ұшақ сыйлады.
Ал, мерекенің негізгі бөлімі қаладағы «Жеңіс» саябағында жалғасын тапты. Мұнда әскери техникалар қойылып, сарбаздар майдан көріністерін сомдады. Бұдан тыс, жұртшылық солдат ботқасы мен басқа дәмдерден ауыз тиді. Жергілікті өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары мерекелік концерт қойды.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Міне, дәл осындай іс-шара облысымыздың барлық аудан, қалаларында өтуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21
Шымкенттің экологиялық ахуалы бақылауда
06.10.2026, 10:17
Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды
06.10.2026, 10:16
Сарапшы: Конституцияда ұлттық ерекшелік пен әлемдік тәжірибе үйлесім тапқан
06.10.2026, 10:11
Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды
06.10.2026, 10:10
Өкпе обасы: Еуропа одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 10:07
Халық кеңесінде өңірлерді дамыту мәселесі қаралды
06.10.2026, 10:05
Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі
06.10.2026, 10:03