Басты Жаңалықтар Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды

Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды

Белградтағы этнология фестивалінде Қазақстанның мәдени мұрасы таныстырылды. Шара Сербияның бұрынғы Президентінің жұбайы Тамара Вучичтің қамқорлығымен өтті. Кеште танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның музыкалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ көпшілік қазақстандық Aspara сән үйінің туындыларын тамашалады. Шетелдік меймандар көздің жауын алатын киімдер арқылы көшпенді дала мәдениетімен, қазақтың болмыс-бітімімен тереңірек танысты. Қазақстанның ұлттық бірігейлікті сақтауға басымдық беруін жоғары бағалады. Мәдени шара Қазақстан мен Сербия арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтып, мәдени диалогты кеңейтуге ықпал етті, дейді қос тарап өкілдері. Биыл екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр.

Бөлісу