Ұлттық арна Жеңіс мерекесіне орай үздік туындыларды ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Жеңіс мерекесіне орай үздік туындыларды ұсынады

09.05.2014
Ұлттық арна Жеңіс мерекесіне орай үздік туындыларды ұсынады

Жеңіс - қазақ үшін қастерлі ұғым. 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 миллион адам, соның ішінде 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерлігі үшін марапатталса, 500-ден астамы Кеңес одағының батыры, 142 адам Даңқ орденінің иегері атанды.

Мерекеге орай, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне үздік жобалар мен тарихи фильмдер ұсынады.

Бүгін 9 мамыр күні,  дәл қазір 09.30-да 1985 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мергендер» драмасы эфирде жүріп жатыр. 11.15-те «Ұлттық шоуда» патриоттық әндер шырқалады.

13.25-те «Азаматым - айбыным!» атты мерекелік концертті тамашалай аласыздар.

Ал, 14.55-те «Жарқын бейне» хабары әскери қызметкер, генерал-майор Шәкір Жексенбаев туралы сыр шертеді. 15.20-да «Дариға, сол қыз...» және 18.05-те «Біз соғысты көрген жоқпыз» арнайы тележобаларын тамашалай аласыздар.

18.35-те «Қасым» телехикаяның 3-4-бөлімдері көрсетіледі. «Айтуға оңай...» хабарының да осы күнгі шығарылымы Жеңіс күніне арналмақ. Ал, Ұлттық арна көрермендерінің назарына 21.50-де ұсынылатын «Ұлттық шоудың» бүгінгі тақырыбы - «Бақытым бар үшінші - Отан деген!».

23.45-те М.Бегалиннің «Ел басына күн туса» драмасы ұсынылады. Фильм 1941 жылы Мәскеу түбінде фашистерді тоқтатып, өздері шабуылға шыққан, аты аңызға айналған панфиловшылар дивизиясына арналады.

Ал, 02.05-те эфирге шығатын «Жарқын бейне» хабарынан Әлия Молдағұлованың тарихи бейнесін тереңірек тани аласыздар.

Хабарламаларға жазылу