Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті

08.05.2014
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті
Бүгін елімізге бейбіт өмір сыйлаған бірқатар астаналық ардагерге құрмет көрсетілді. Жастайынан жалын кешкен жандарға сыйлықтар табыс етіліп, ақ дастарқан жайылды.
 
«Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат» атты мерекелік кешке «Қыпшақ» тұрғын үйінде тұратын майдангерлер қатысты.
 
 Көпті көрген қариялар жастарға қиын-қыстау замандағы бастан өткен оқиғаларды айтып, өмірден түйгендерімен бөлісті. Сонымен қатар, қаһарман қарттар жас ұрпақты елінің патриоты болуға шақырды.
 
Ескендір Кәрімұлы, соғыс ардагері:
 Жастарға, ұзақ өмір тілеймін. Аман-сау болыңыздар. Бейбітшілік күн болсын. Соғысты адам басына бермесін.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу