Нұр-Сұлтандағы «Студенттер саябағында» Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы «Студенттер саябағында» Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті

10.05.2019

«Студенттер саябағында» Жеңіс күніне арналған мерекелік шара болды. Онда Отан соғысы ардагерлеріне арналған концерт өтті. Әншілер Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын әндер орындап, қарт майдангерлерді тебірентті.

 

Ал, қала тұрғындары болса, қарияларға ыстық ықылас танытып, гүл шоқтарын беріп, құттықтап жатты. Арнайы әскери киім киген бүлдіршіндер Ұлы Жеңіске арнап өлең-жырларын оқыды. Жалпы, көпшіліктің мерекелік көңіл-күйінен Ұлы Жеңіс ұғымының маңызы ерекше екені аңғарылды. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу