Ақтөбе облысындағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізіледі

05.02.2015
Ақтөбе облысындағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізіледі

«ҚазМұнайГаз»ҰК»  «ҚазТрансГаз» АҚ мен  Ақтөбе және Маңғыстау облыстары  арасында осы өңірлердегі газбен жабдықтау желілерін  қайта жаңғыртып, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша ұзақмерзімді және өзара тиімді іс-шаралар жөніндегі  меморандумға қол қойылды. 

Меморандум Мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. 

Осыған сәйкес, таяу жылдары  Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі елді мекендерді көгілдір отынмен қамту едәуір жақсармақшы.

Ол үшін  автоматты газ тарату станциялары  салынып, жаңа елді мекендер газдандырылады. Сонымен қатар, осы саладағы құрылымдар кезең-кезеңімен толықтай жаңғыртылады.

Ал, ауыл ішінде газ құбырларын тарту  жеке сектордағы тұрғын үйлерге дейін жеткізілмекші.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның осы аталған нысандардың құрылысына құятын инвестициясының жалпы көлемі 20 миллиард теңгеге жуықтап отыр.   

Ибулла Серді,  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  бас директоры:

9 миллиардқа жуық  қаражат ауылды мекендерді газдандыруға, З,5 миллиардқа жуық теңге бұрынғы ескі газ құбырларын жаңартуға, 6 миллиардтан астам қаражат  үш аудандағы автоматты газ тарату станцияларының құрылыс жобасын салуға жұмсалады. Бұл жұмсалған қаражат облыс экономикасының дамуына және өнеркәсіптердің дамуына үлкен ықпалын тигізеді.  

 

Жақсыбек КЕМАЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу