Орта дәлізді дамыту бастамасы қолдау тапты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіменстанда өткен саммитте көтерген Орта дәлізді дамыту жөніндегі бастамасы Түркияда зор қолдау тапты. Түркия билігіндегі Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Күршад Зорлуның айтуынша әлемдегі саяси-экономикалық дағдарыс күшейіп тұрған уақытта түркі мемлекеттерінің өзара ынтымағын нығайту қажет. Осы ретте Нахчыван мен Әзербайжан арасындағы 44 шақырымдық көлік желісін Орта дәлізге қосу өте маңызды.
Күршад Зорлу, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіргім келеді. Ол жақында Әзербайжан мен Нахчыванды жалғайтын Зангезур дәлізін Орта дәлізге қосу жұмыстарын қолға алуды ұсынды. Каспий теңізі жағалауындағы стратегиялық маңызы бар бауырлас мемлекеттен шыққан бұл бастама өте маңызды. Нахчыван бағытындағы темір жол құрылысы аяқталса, контейнерлік тасымал мен ауқымды гуманитарлық операциялар үшін зор мүмкіндік ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы