Қола дәуіріндегі қыш құмарадан дәнді дақыл нышандары табылды
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жапон ғалымдары келіп, қола дәуіріндегі қыш құмырадан дәнді дақыл белгілерін тапты. Бұған дейін егіншілік айғағы тек ерте темір дәуіріндегі құмыралардан табылған еді. “Егер болжам расталса, бұл археологиядағы елеулі жаңалық болайын деп тұр” дейді ғалымдар. Жапонияның Мэйдзи университетінің ғылыми қызметкері, археология ғылымдарының докторы Эйко Эндо Оралда үш күндей болып, зерттеу жүргізген. Музейдегі 129 құмыраны мұқият қарап, 13-інің ішінен дән белгілерін байқаған. Бұлар – Сегізсай, Тақсай, Қарасу, Жайық, Пойма обаларынан алынған бұйымдар. Дегенмен, нақты қандай дәнді дақылдың ізі табылғанын айтуға әзірге ерте дейді ғалымдар. Ол үшін Күншығыс елінде арнайы микроскопиялық зерттеу мен салыстырмалы талдау жүргізілуі қажет. Зерттеу қорытындысы шыққан соң, егін шаруашылығының эволюциясы жайлы жаңаша ғылыми тұжырымдама жасалмақ.
Жантас Сафуллин, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Ғалымдар үшін де қола дәуіріне жататын құмырадан табылған дәнді дақыл іздері үлкен жақсы жаңалық болды. Олар олжалы болдық деп қуанып кетті. Өзара келісім бойынша олар Жапонияға жеткеннен кейін, зертхана қорытындысы шыққаннан кейін бізге, музейге қорытындысын ресми түрде жіберетін болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы