Басты Жаңалықтар СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген Отандастарымызға үндеу жасады. Сақтық шараларына барынша мән беріп, адам көп жиналатын жерлерге бармау туралы кеңес берді. Төтенше жағдайға тап болған жағдайда Эр-Риядтағы Елшілікке  немесе Жиддадағы Бас консулдыққа хабарласу қажет. Телефон нөмірлері экранда көрсетілген.

Жанболат Үсенов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтып, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды, нақты қажеттілік болмаса әуежайларға бармау, рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылауды, адамдар шоғарлынған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды, шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бөлісу