Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

19.10.2017

«Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы». Бас қалада осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда әлемнің оннан астам елінен келген сарапшы-мамандар тақырыпқа қатысты пікір білдіріп, арнайы үндеу қабылдады.

Қорытынды құжатта қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жайлы жазылған. Аталған үндеу биылғы жылдың соңында Парижде өтетін Еуразия халықтары қауымдастығының отырысында оқылады.

Айта кетелік, іс-шара рухани келісім күнінің 25 жылдығына арналған бүкіләлемдік мәдениет форумы аясында ұйымдастырылды.

Вильгельм Августат, «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының президенті:

 - Қазақстанға қайта келіп отырғаныма бек қуаныштымын. Бұл елге келген сайын халықтар арасындағы достық пен бекем бірлікке куә боламын. Осы жағы мені қатты қызықтырады.

 Ендігі кезекте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен рухани жаңғыру арқылы өркениетке бет алып барасыздар. Бұл тұрғыда Қазақстанның өз сара жолы бар. Осы жағы бізді ізденуге жетелейді және ол әлем елдерінің басты назарында.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу