Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесі іске қосылады
Жуырда Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесі іске қосылады. Жаңа цифрлық платформа су объектілері, су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар және су пайдаланушылар туралы деректерді бір жүйеге біріктіреді. Жоба су ресурстарын есепке алу, болжау және басқару сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ жүйе арқылы су тасқыны мен су тапшылығы қаупін алдын ала бағалап, жедел әрекет ету мүмкіндігі күшейеді. Министрлік мәліметінше, ақпараттық жүйені іске қосу үшін соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Қайратғали Хайрулла, «Су
ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басққарма төрағасы:
Су тапшылығы қанша болғанымен біздегі экономика секторларының ешқайсысы сезінбеуі керек су тапшылығын. Соның барлығына бағытталған, суды тиімді басқаруға бағытталған негізгі мақсатымыз. Яғни келіп жатқан суды дұрыс пайдалану, оның есебін жүргізу, және оны су кодексіне сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ету және табиғатқа қажетті суды беру одан кейін экономика секторлары бойынша суды қамтамасыз ету.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04