Қызылорда жастары «Сыр сүлейлері» аллеясын тазалады
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді жастар сенбілікке шықты. Сыр сүлейлері аллеясының айналасын қоқыстан тазалап, жасыл желекке күтім жасады. Жастар топ-топқа бөлініп, өңірдің рухани-мәдени ерекшелігін айқындайтын демалыс орнында орналасқан ескерткіштер мен монументтердің шаңын сүртіп, жан-жақты мұнтаздай тазалады.Экологиялық акцияға айтыс ақыны Мұхтар Ниязов та қатысып, осындай шараға ұйытқы болып жүрген жастарға қолдау білдірді.
Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын:
Тазалық деген ол тек адамның сыртқы келбеті немесе ауланың сырты емес. Адамның жан дүниесі де болу керек деген үндестік. Бұл тазалықтың бастауы айналамызды тазартудан басталады. Сондықтан мен ойлаймын, жастар осыны сезініп өссе.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15