Биыл 200 мыңнан аса адам жұмысқа кірген
Елімізде жыл басынан бері 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 75 мыңы жастар болса, 81 мыңы қыз-келіншектер. Осылайша еңбек нарығында оң үрдіс сақталып отыр. Ұлттық жобалар мен өңірлерді дамыту жоспарлары аясында биыл жалпы саны 40 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, жылдың алғашқы жартысында-ақ 8 мыңға жуығы ашылып үлгерді. Одан бөлек мансап орталықтарының қызметімен 17 мыңнан аса мүгедектігі бар азамат қамтылды. Олардың 6 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылса, 4 мыңға жуығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, «Skills Enbek» онлайн-платформасы арқылы жаңа дағдыларды меңгерді. Бұл ретте көпбалалы отбасыларды қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылып келеді. Мансап орталықтарына жүгінген 17 мың азаматтың 6 мыңы тұрақты және мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Жалпы 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының үлесін 45%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы