Музейлерге келушілердің санын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музейлерге келушілердің санын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі

02.05.2017

Бүгінгі Үкімет отырысында еліміздегі мәдениет нысандарын дамыту мен жаңғыртуға қатысты атқарылатын жұмыстар айтылды. Музейлерге келушілердің санын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, география, дүниетану және Қазақстан тарихы пәндері музейде оқытылады. «Алтын адам» артефактісі ұлттық құндылық ретінде насихатталады. Бірнеше тарихи қалалар дала музейіне айналады. Қазір елімізде 7853 мәдениет ұйымы жұмыс істеп тұр. Соның ішінде музейлердегі жәдігерлер жаңа форматта қайта құжатталды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу