Іскер әйелдердің санын арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іскер әйелдердің санын арттыру керек

23.02.2022

Пандемия басталғалы жеке кәсібі бар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдер табысы әдәуір төмендеген. Жұмысынан айырылғандар да аз емес.

Бұл туралы кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Women in Business» форумында айтылды. Қатысушылардың сөзінше, қала маңындағы елді мекендердегі жұмыссыздық мәселелерін шешу маңызды. Форумда АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдері» құрылымы мен «Атамекен» палатасының өкілдері аталған түйткілдердің шешу жолдарын ұсынды. Кәсіпкерлікті дамыту және дағдарыстан шығуға қатысты шеберлік сағаттарын да өткізді.

Кэролайн Севидж, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы:

Егер әйелдер экономикалық үрдіске белсене араласатын болса, бұл қоғам мен ел дамуына да оң әсер етеді. Бүгінгі форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Жиында Қазақстандағы іскер әйелдер санының артып келе жатқаны айтылды. Бұл қуантарлық жайт. Аталған бағытта АҚШ Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын.


Хабарламаларға жазылу