Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды

20.04.2020
Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды

Нұр-Сұлтан қаласында масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде бұл жұмыстар жертөле және су қоймаларында атқарылуда. Жұмыстар таңғы және кешкі уақытта жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспеасөз қызметі.

«Биыл қар көп болды. Сондықтан су қоймаларында су мөлшері де көп. Біз сол жақтарда жұмысты жүргізетін боламыз, мақсатымыз – дернәсіл кезеңінде масалардың санын азайту. Биылғы жылы масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты», – деді «Астаналық дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары Бекболат Талгарбеков. 

Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинфсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда, көшелерде жүргізіледі. 

Сондай-ақ, дезинсекциялық жұмыстармен тұрғын үйлердің жертөлелері, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, базарлар, сауда үйлері мен т. б. аумақтары қамтылады.

Хабарламаларға жазылу