Елордада ТКШ жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ТКШ жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі

13.11.2014
Елордада ТКШ жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі

Елбасының «Нұрлы жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігіне баса назар аударды. Президент жылумен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту қарқынын арттыру үшін қосымша қаржы бөлу қажеттілігіне тоқталды. 

Елорданы дамытудың басымды бағыттарының бірі - Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайын жақсарту, инженерлік желілерді және жылумен және сумен қамту жүйелерін жетілдіру. Осы мақсатта инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ТКШ жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін «Smart Astana» - «ақылды қала» тұжырымдамасы аясында «Смарт-су құбырлары» жобасын іске асыру көзделген.

Бағдарлама аясында келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 31 өтінім, ал жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға 21 өтінім келіп түскен. Соның ішінде 10 тұрғын үйде жедел сатыларды ауыстыру қажет, қалған  11 үйдің төбесі жөнделеді. 

Хабарламаларға жазылу