Есірткімен күреске мемлекет бюжетінен 53 миллиард теңге қаражат бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткімен күреске мемлекет бюжетінен 53 миллиард теңге қаражат бөлінеді

13.07.2023

53 миллиард теңге. Есірткімен күреске мемлекет бюжетінен осынша қаражат бөлінеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын бекітті. Құжат 2023-2025 жылдарды қамтиды. Соңғы уақытта жасырын есірткі өндірісі қарқын алған дейді құқық қорғаушылар.

Биылғы жарты жылда астыртын есірткі дайындаған 25 зертхана анықталды. Жасырын сауда көбіне ірі қалаларда, Қазақстанның оңтүстік аймағында күшейіп тұр. Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» деп аталатын транзит арқылы тасымал, «дәріхана» нашақорлығы да өзекті. Кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін есірткі тұтынушы санын азайту көзделген. Және оған тәуелді азаматтарды медициналық әлеуметтік оңалту да назарда болмақ. Сот сараптамасы органдарының жедел зерттеуге арналған материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Асқар Мұхаммедқалиев, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

Құжатта нормативтік және құқықтық базаны жетілдіру қазіргі заманғы есірткі бизнесінің жаңа сын-қатерлеріне қарсы іс—қимылдың тиімділігін арттыру халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, Қазақстан қоғамының есірткіге тәуелділік деңгейін төмендету көзделген. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға қатысатын мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық жабдықтауды арттыру туралы кешенді шаралар көзделген.


Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу