«Таңшолпан». Бүгін елордада «Astana» радиосының ұйымдастыруымен музыкалық фестиваль өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін елордада «Astana» радиосының ұйымдастыруымен музыкалық фестиваль өтеді (ВИДЕО)

04.09.2017

Бүгін елордада кешкі 20:00-де «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында «Аstana  FM On Air» музыкалық фестивалі өтеді.

Осыған орай «Astana» радиосының музыкалық қызметінің шеф-редакторы Мейрам Сапарғали және «Аstana  FM On Air» музыкалық фестивалінің продюсері Сымбат Талғатқызы «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Радиода атқарылып жатқан жұмыстар көп. Мемлекеттік тапсырыстар бойынша көптеген бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар эфирге шықты.

«Astana» жастардың радиосы болғандықтан, қазір форматты жеңілдетіп, жастардың негізгі әлеуметтік мәселелеріне байланысты бағдарламаларға өзгерістер енгіздік. Көңіл көтеретін, интерактивті бағдарламалар қатарын көбейтіп жатырмыз. Қысқасы, әуе толқынынан халыққа ұнайтын, көңіл-күйіне әсер ететін жаңа жобалар беріледі.

Кез келген ақпарат құралы өзін эфирден тыс жарнамалау, жұмысын әрі қарай дамыту, көрсету үшін түрлі жобаларды қолға алады. Біз мұндай шараларды жыл сайын ойластырамыз, көрсетеміз. Биылғы «Аstana  FM On Air» жобасының ерекшелігі – музыкалық фестиваль тек жанды дауыста өтеді. Сахнада еліміздің нағыз кәсіби музыканттары өнер көрсетеді», - дейді студия қонақтары.

Хабарламаларға жазылу