Радио «Classic»: Алматыда «Жапон күзі» атты фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радио «Classic»: Алматыда «Жапон күзі» атты фестиваль өтеді

06.10.2016
Радио «Classic»: Алматыда «Жапон күзі» атты фестиваль өтеді

Қазан айының 14-19 жұлдызы аралығында Алматыда «Жапон күзі» атты фестиваль өтеді. 2011 жылдан бері өтіп келе жатқан фестиваль мақсаты: көрерменді жапон елінің дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру, отандық орындаушылық мектебінің жеткен жетістіктерін көрсету, өнердің әр саласындағы дарындарды қолдап, елдер арасындағы достықты нығайту.

14 қазан күні фестиваль аясында Жамбыл атындағы филармония сахнасында «Үйеңкі рапсодиясы» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтеді.

Концертте әлемдегі ең танымал жапон композиторы Джо Хисаишидің кинофильмдер мен анимелерге жазған музыкасы, сонымен қатар, қазақстандық авторлардың да шығармалары орындалады.

classicfm.kz

Хабарламаларға жазылу