Астанада отбасылық-спорттық фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отбасылық-спорттық фестиваль өтті

06.07.2015
Астанада отбасылық-спорттық фестиваль өтті

Саябақ бірнеше аумаққа бөлінді, ол жерде барлық қатысушылар бұқаралық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, би өнерінен шеберлік сағаттарына қатысты деп, хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы Футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген шара мерекелік концертпен жалғасты. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап елорданың жас таланттары арнайы концерт қойып берді.

Аталмыш шара бүгін де жалғасын табады. Еске сала кетейік, отбасылық-спорттық фестиваль 6 шілде күні сағат 16:00 «Арай» саябағында өтеді.

Хабарламаларға жазылу