Шығысқазақстандық еріктілер «ЭКСПО» көрмесінде еңбек етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық еріктілер «ЭКСПО» көрмесінде еңбек етуде

24.08.2017

Осы күндері шығысқазақстандық 100 ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде еңбек етуде. Бұл - өңірдегі белсенді жастар арасынан таңдалған үздіктер. Шетелден келген меймандарға ақпараттық және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін белсенді жастар 2 жыл көлемінде арнайы дайындықтан өтті. Түрлі семинарлар мен тренингтерге қатысып, қазақ халқының тарихын, мәдени және рухани құндылықтарын оқып-білді  Айта кету керек, еріктілердің 85%-ы ағылшын тілін жоғары, 15%-ы орта деңгейде меңгерген.  

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу