Дубайда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды

31.03.2022

Дубайда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде қазақстандық павильон үздік деп танылды. Шығыс стилінде жасалған экспозиция "Мүмкіндіктер" деп аталатын тақырыптық кластерге қойылған. Сондай ақ Германия мен Италияның павильондары үздіктер қатарынан табылды. Көрмеге келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, экономикалық және инвестициялық ахуалы жайындағы мәліметтерге қанық болды. Техникалық мүмкіндіктерге негізделген дүние бірнеше миллиондаған көрерменді қуантты. Оған 8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Айта кетейік, Экспо көрмесінің жабылу салтанаты бүгін өтеді. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу