Елордада волонтерлықпен егде кісілер де айналысады

14.02.2020

Волонтерлықпен жастар ғана емес, егде кісілер де айналысады. Солардың бірі – жасы жетпіске жақындаған, елордалық Бәтима Құсайынова. Зейнеткер бос уақытын қоғамдық жұмыстарға арнайды.

Алпыс жеті жастағы Бәтима Құсайынова өзінің волонтерлық қызметін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде бастапты. Тіпті, «Алтын волонтер» атағымен де марапатталған.

Ал Бірлікбай ата «күмісті еріктілер» тобының мүшесі. Жасы 80-ге келген қария ұзақ жыл металлург болған. Зейнетке шыққасын бос отырмай, волонтерліктеп айналысайын деп шешкен. Қаладағы тыл және Ұлы Отан соғысы ардагерлерлеріне көмектесіп тұрады.

Волонтерлік - тек жастарға тән тірлік емес. Бәтима апай мен Бірлікбай ата соның жарқын дәлелі. Бастысы - белсенділердің шын ниеті, жақсылық жасауға деген талпынысы.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу