«ЭКСПО» көрмесі жоспарланған уақытта аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі жоспарланған уақытта аяқталады

16.08.2017

«ЭКСПО» көрмесін қарашаға дейін созу мүмкін емес. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Кеше туристік операторлар басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтен халықаралық көрмені 1-қарашаға дейін созуды сұраған еді. Ашық хат авторларының айтуынша, «ЭКСПО»-ның арқасында туристік операторлар мен бірлестіктері үшін тұңғыш рет туризмнен пайда табуға мүмкіндік туды. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу