Астанада «Жаңғыртылмалы энергия және өмір сүру сапасы» атты форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жаңғыртылмалы энергия және өмір сүру сапасы» атты форум өтіп жатыр

14.08.2017

«Жаңғыртылмалы энергия және өмір сүру сапасы». Бүгін «ЭКСПО» көрмесі аясында осындай атаумен форум басталды. Екі күнге жоспарланған шараға еліміздің Денсаулық сақтау және Білім министрлері қатыспақ. Бұдан өзге, конференцияға Америкадағы Калифорния университеті профессорлары мен халықарлық энергетика агенттігінің өкілдері қатысып жатыр. Олар өмір сүру сапасының деңгейі, оны жақсартудағы адам энергиясы мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, жаңғыртылмалы энергия көздерін тапқан әлемнің үздік 12 компаниясының өкілдері де осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы, «ЭКСПО» көрмесі аясында 3 ай ішінде 12 конференция өткізу жоспарланған. Бүгінгі жиын соның тоғызыншысы.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу